Іс тәжірибе тарату семинары » Жетісу обылысы Кербұлақ ауданы "Д.Қонаев атындағы орта мектебі" КММ
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі
"Қонаев орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840)40-0-65
Есепші бөлімі:
+7(72840)40-0-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
март
2023

Іс тәжірибе тарату семинары

2022-2023 оқу жылының 5 қаңтардағы  №3 педагогикалық кеңестің екінші мәселенің шешімін орындау мақсатында мектептегі педагогтермен семинар өткізілді. Семинарда мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К. Акылбекова «Үй, ағаш» ойын жаттығуын өткізді. Бұндағы үй педагогтер деп, ал үй астындағы адам бұл оқушы екендігін атап өту арқылы бүгінгі өтілетін семинардың тақырыбы мен мақсатын таныстырды. Семинарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, педагог-сарапшы 

С. Қожахмет және педагог-зерттеуші Г. Мырзабекова «Қазақ әдебиеті пәні бойынша оқушылардың білім сапасын көтерудегі тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында шебер-сынып өткізді. Онда С. Қожахмет мектептегі білім сапасына әсер ететін басты факторларды ҚМЖ құру, оқыту сапасын жетілдіру, апсырмаларды дұрыс құрастыру және ұсыну, БЖБ және ТЖБ жұмыстарының ықпалы туралы айтты. Сонымен қатар Табысты сабақ моделін ұсынды. Ондағы табысты сабақтың сыры сабақ мақсатын дұрыс түсіну және жүзеге асыру, оқушылардың көңіл-күйлерінің жақсы болуына ықпал ету, сабақ соңында және тапсырма барысында рефлексия мен кері байланыстың мақсатқа сәйкес жүзеге асуы, қалыптастырушы бағалау жұмысының жүйелі жүруі және олардың өзара тәуелділігін атап өтті. 

Г. Мырзабекова педагогтерге қазақ әдебиеті пәні бойынша тапсырма түрлерін ұсынды. Онда «Иә, жоқ», «Көршіңмен әңгімелес», «Концептуалды кесте», «Тест», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі». «Домино» әдістері арқылы тапсырмаларды орындатты. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив