Іс тәжірибе тарату семинары » Жетісу обылысы Кербұлақ ауданы "Д.Қонаев атындағы орта мектебі" КММ
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі
"Қонаев орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840)40-0-65
Есепші бөлімі:
+7(72840)40-0-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
март
2023

Іс тәжірибе тарату семинары

Биология пәнінің мұғалімі Ж. Култанова «Биология пәнінде АКТмен жұмыстың тиімділігі»  тақырыбында шебер сынып өткізді. Шебер сынып барысында оқушыларға дәлелдемелі видеоларды көрсету үшін, тапсырмаларды орындауда уақытты тиімді пайдалану үшін АКТның маңыздылығы мен атқаратын қызметін түсіндірді. Одан бөлек сыныпта оқушылардың  белсенділігін арттыру және деңгейі төмен оқушыларды назардан қалмай бірлесіп жұмыс жасауда «Үш мықты ма? Күш мықты ма?» әдісі арқылы сыныпта үштік деңгейіндегі оқушылармен белсенді оқушыларды бірлесіп жұмыс жасауда тиімділігін түсіндірді. Сонымен қатар «Таяқша», «Бет белгі» сияқты әдістерді білім сапасын арттыру үшін қолданатындығын атап өтті. «Таяқша» әдісінің ерекшелігі оқушыларды топқа бөлу, үй тапсырмасын сұрау және бағалауда тиімді әдіс. Ал «Бет белгі» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша білімдерін бекітуге өте тииімді әдіс екендігін атап өтті. Оқушыларды бір ғана әдістермен жалықытыр алмас үшін басқа да әдістерді қолданудың мағңыздылығын атап өтті. Алдағы уақыттаға «Гүл шоғы» әдісін оқу үдерісінде қолданатынын атап өтті. Бұл әдістің тиімділігі мұнда гүл шоғынан гүлдерді ала отырып сұрақтарға жауап алу, үй тапсырмасын сұрау, өқткенді бекіту сынды сабақ кезеңдерінде қолдану арқылы ең көп гүл шоғын жинаған оқушыны сол арқылы бағалауда тиімді екендігін түсіндірді.

Химия, биология пәнінің мұғалімі К. Базарбаева «Химия пәнінденен логикалық тапсырмаларды тиімді құру» тақырыбында шебер сынып көрсетті. Онда сабақта оқушылардың ойлау дағдыларын арттырудағы логикалық тапсырмалардың маңыздылығы мен ерекшелігін түсіндірді. Оқушыларға берілетін білім құрғақ сөзге қарағанда  тәжірибе жасау, ойлаудан өткізу, талдау және қолданудағы маңыздылының орнын түсіндірді. Логикалық тапсырмалардың түрлері: Бейне жасау, сәйкестендіру, артығын табу, себебін табу, Әріпті тапсырма, Суреттер сөйлейді, Ситуациялық тапсырма, Жіктеу сынды жұмыс түрінен тұратындығын атап өтті.Оқушыларға әр берілген тапсырманың жауабын өзіне тапқызу олардың болашақта зерттеушілік дағдыларын арттырса, ал өмірде алған білімін қолдана білетін функционалды тұлғаның қалыптасатынын атап өтті. Тапсырмалардың қай түрін балаларға берсе де оны белгілі әрі тиімді әдіске салу керектігін түсіндірді. Ол әдістердің бірі «Сәйкесін тап», «Артығын тап», «Әріптер сөйлейді», «Суреттер сөйлейді» сынды әдіс тәсілдердің оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятуға және де білім сапасының артуына ықпал ететіндігін атап өтті.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив