Іс тәжірибе тарату семинары » Жетісу обылысы Кербұлақ ауданы "Д.Қонаев атындағы орта мектебі" КММ
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі
"Қонаев орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840)40-0-65
Есепші бөлімі:
+7(72840)40-0-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
март
2023

Іс тәжірибе тарату семинары

Тарих пәнінің мұғалімі А. Бондарцева «Білім сапасын арттырудағы тиімді әдістер мен оның ерекшелігі» тақырыбында шебер сынып өткізді. Шебер сынып барысында Оқу үдерісінде сабақ түрлері : «Суретті жоспар», «Стереотипті жоспар», «Хронологиялық білім, білік, дағдыларды қалыптастыру», «Ерекше тапсырма», «Баспалдақ», «Бөлім бойынша тесттік тапсырма» сияқты сабақ түрі мен оның оқушылардың алған білімі мен білім сапасын арттырудағы маңызды орны туралы атап өтті. 

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Е. Галиева «Повышение качество знаний учащихся» тақырыбында шебер сынып өткізді. Шебер сынып барысында білім сапасын арттыруда «Қате сөздер» әдісі арқылы мәтінді оқып, ондағы қате сөздерді табуыға, артық сөздерді табу, іздену дағдыларының артуына ықпал ететін әдіс түрімен таныстырды. «Оптемист және пессимист» әдісі арқылы мәтіндегі жағымды және жакғымсыз тұстарын табуға, мәтінмен жүйелі жұмыс жасауға болатынын. Сонымен қатар «Сөздің теннис» әдісі жұпта, топта жүргізуге тиімді әдістердің бірі. Себебі бұл әдіс арқылы жаңа сөздерді тез жаттауға және қолдануға мүмкіндіктер беретінін атап өтті. «Алфавит» немесе «Блокбастер» әдісі арқылы сөздерді сипаттау арқылы сөздікті сұрауға, еске сақтап, қайталауға тиімді әдістердің  бірі екенін атап өтті. 

Ағылшын тілі пәнінің   мұғалімі Медешқызы Көзім «Заманауи білім берудің әдіс-тәсілдері – білім сапасын арттыру кепілі» тақырыбында іс тәжірибесімен бөлісті. Онда «Пазл» әдісі арқылы сөздерді жаттау, сутерке сәйкес бөлігі арқылы сөзді есте сақтауға тиімді әдіс болса, «Таймлайн» әдісі арқылы сөздерді сипаты арқылы жаттау, бейнероликпен байланыстыра жаттауға мүмкіндік беретін әдістің бірі, «Дартс» әдісі арқылы деңгейлік тапсырмалар беру және бағалау, кері байланыс алуда тиімді әдістердің бірі екенін атап өтті.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А. Жоламанова «Білім сапасын арттырудағы төрт дағдыны қалыптастырудың маңызы» тақырыбында іс тәжірибесімен бөлісті. Жұмыс барысында оқушыларға төрт дағдыны қалыптастыруда жүзеге асырылатын жұмыс түрі мен ол жұмыс түрі арқылы әр тапсырманың күрделілігі мен өлшеміне сәйкес балл қою арқылы бағалауға болатындығын түсіндірді. Сол арқылы оқушылар шынайы бағаланатындығы сонымен қатар бұл дағдыларды оқылым мен айтылым, тыңдалым барысында ғана қолданбай   жазылым дағдысын арттыруға бағытталған жұмыс түрінде де алатын орынының маңызын атап өтті. 

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж. Тоғысбай «Білім сапасын қалай арттырамыз?» тақырыбында іс тәжірибесімен бөлісті. Іс–тәжірибе жұмысы барысында сыныптың білім сапасын арттыруда оқушы мен ата ана үшін тиімді әдістердің бірі үнемі үштік одақты үзбей байланыста жұмыс жүргізу жіне де ата–анамен үнемі байланыста бола отырып, сыныпта ата ана мен баланың белсенділігі атты байқау әзірлеуген жағдайда ата–ана  тарапынан белсенділік артып әр ата–ана өз баласына жауапкершілікпен қарап, сабағын оқытады. Осылайша үш жақьты бірлескен жұмыстың нәтижесінде нәтижеге қол жеткізуге болатындығы туралы айтып өтті.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив