Іс тәжірибе тарату семинары » Жетісу обылысы Кербұлақ ауданы "Д.Қонаев атындағы орта мектебі" КММ
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі
"Қонаев орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840)40-0-65
Есепші бөлімі:
+7(72840)40-0-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
март
2023

Іс тәжірибе тарату семинары

Білім сапасын арттыру тақырыбындағы кезекті семинарда бастауыш сынып мұғалімі Р. Рахимжанова «Бастауыш сынып оқушыларын ойын сабақтар арқылы сабаққа қызығушылықтарын арттыру» тақырыбында шебер сынып өткізді. Шебер сынып барысында қазіргі таңда балалардың тым гипербелсенді, оқуға деген  қызығушылықтар төмен екендігін айтып өқтті.. Мұндай оқушыларды сабаққа қызықтыру үшін көбінде платформалар арқылы ойын болмаса әр пәннің мазмұны мен сабақтың мақсатына сәйкес тапсырмаларды ойын түрінде қолданудың маңыздылығын айтты. Сонымен қатар ойын балалардың есте сақтау қабілеті, зейіні, ойлау дағдылары мен сөйлеу дағдыларының артуына ықпал ететіндігін айтып өтті.

Л. Курмангалиева «Нестандартыне формы и методы проведения уроков в начальной школе, как один из путей повышения познавательной деятельности учащихся» тақырыбында шебер сынып өткізді. Шебер сынып жұмысы арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін сабақты дәстүрлі емес форматта өткізіп ұйымдастыру қажеттілігін түсіндірді. Ондағы ерекшелік балалардың бірсарынды сабақтан қарағанда сыни тұрғаыдан ойлау дағдылары мен бірге алған білімін қолдануға негіз болатындығын және оқу үдерісіне осы дәсүрлі емес сабақтар арқылы қызықтыра алатындығын айтты.  Оқу үдерісінде үнемі қолданып жүрген «Ыстық орындық», «Сюжетті ойындар», «Қимылды сөздер» әдістері арқылы мұғалімдермен жұмыс түрін жүргізді. Бұл әдістердің ерекшелігі оқушылардың оқуға қызығушылықтарын арттырып қана қоймай білім сапасының артуына да мүмкіндік беретіндгін түсіндірді.

Ш. Ауелбаева «Дәстүрлі бағалау мен жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде бағалау түрінің айырмашылығы мен ерекшелігі» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында Ф.П. Рещетниковтың «Тағы да екілік» тақырыбындағы суретін көрсетті. Берілген сурет негізінде мәтін құрастыру тапсырмасын ұсынды. Бұл суреттің неліктен «Тағы да екілік» деп аталтынын сұрап, себеп салдарын анықтады. Суреттегі оқушының үнемі екілік алуына ықпал еткен басты жағдайларды анықтау жұмысын жүргізді. Соңынада құраған мәтіндерін оқытып, педагогтерге дәстүрле жүйе негізінде бағалатты. Бұдан соң бағалау өлшемдерін көрсетіп сол бойынша қайта бағалау жұмысын жүргізу арқылы жаңартылған оқу бағдарламасы аясында бағалаған тиімді екендігін түсіндірді. Екінші тапсырма ретінде оқушыларға Көбелектің суретін салу тапсырмасын берді. Мұнда мұғалімдер бір бірінің жұмыстарын жұпта дәстүрлі жүйе бойынша  бағалап өтті.   Бұл суретке берілген дескриптррларды негізге ала отырып, жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша бағалаудың ерекшелігін көрсетті. Осылайша бағалаудың оқушыға, ата-анаға және педагогтердің жұмыстарына ықпалы мен тиімділігін атап түсіндірді. Соңында оқушыларды нақты бағалау өлшемдері мен қадамдарына сәйкес бағалағанда ғана сапалы білім мен нақты білім сапасына мүмкіндіктер берітінін атап өтті.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив