Әдістемелік бірлестігі » Жетісу обылысы Кербұлақ ауданы "Д.Қонаев атындағы орта мектебі" КММ
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі
"Қонаев орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840)40-0-65
Есепші бөлімі:
+7(72840)40-0-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
май
2017

Әдістемелік бірлестігі

 

Әдістемелік жұмыс

 

Әдістемелік кеңестің шығармашылық тақырыбы: Білім беру үдерісін жаңарту жағдайында басқарудың инновациялық амалдары.


Мақсаты: Жаңартылған бағдарлама аясында инновациялық технологияларды тиімді пайдалана тотырып, педагогтардың шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ету.


 

Міндеттері: 

Мектептің педагогикалық ұжымы іс- әрекетінің жаңашылдық бағыттылығын қалыптастыру;

Мұғалімдердің теориялық және педагогикалық -психологиялық  даярлық деңгейін көтеру, белсенді мұғалімдер қатарын көбейту;

Оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін инновациялық технологиялармен қамтамасыз ету;

ӘК жұмысын жандандыру мақсатында бірлестік жетекшілерінің  жұмыс жүйесін қалыптастыру;

 

Күтілетін нәтижелер:

Мектептің педагогикалық ұжымы білім беруде жаңашылдық бағыт алып, педагогикалық білімін өз бетінше көтереді.

Мұғалімдер педагогикалық, әдістемелік тренингтер, практикалық сабақтар, семинар, коучингтер арқылы үнемі кәсіби деңгейін арттырып отырады.

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру, әдістемелік жұмыстарды жаңаша ұйымдастыру жолдары жүзеге асырылады.

Бірлестік жетекшілерінің жұмыс жүйесі қалыптасады.

 

Шығармашылық топ:

Мақсаты: Жаңа мазмұндағы бағытталған оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру, топтардағы бірлескен жұмысты жүзеге асыру арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту және оқу ортасын құру.

 

Міндеттері: 

Білім беру сапасын жетілдіру, педагог қызметкерлердің ақпараттық педагогикалық технологиялар бойынша біліктілігін көтеру.Оқушылардың фукционалдық сауаттылығына байланысты жаңа технологияларды оқу үдерісіне енгізу.

 

Озық іс-тәжірибені жинақтау, зерттеу, тарату


Мақсаты: оқытудың озық үлгілерін, әдіс-тәсілдерін үйрену, үйрету, зерттеу, тарату арқылы кәсіби шеберлігін шыңдау

Педагогтардың біліктілігін арттыру 

 

Жас мамандармен жұмыс

Мақсаты: Жас мамандардың кәсіби қалыптасуына, дамуына  ықпал ету.



Деңгейлік курстар

Мақсаты: педагог кадрларға заманауи әдіс-тәсілдерді меңгерте отырып, бәсекеге қабілітті ұрпақ тәрбиелеуге бейімдеу

 

 

2018-2019 оқу жылы мектептің  әдістемелік саласы "Жаңартылған бағдарлама аясында инновациялық технологияларды тиімді пайдалана тотырып, педагогтардың шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ету" өзекті мәселесі негізінде жұмысын бастады. Әдістемелік кеңес құрамында он пән бірлестіктері бар. Оқу жылының басынан мектептегі әдістемелік кеңестің мүшелері әдістемелік пән бірлестік мүшелері мен бірлестік жетекшілері бұйрық негізінде құрылып, жұмыс жоспарлары бекітілді. Әдістемелік бірлестіктердің онкүндіктері жоспарға сәйкес жоспарланды. Мектепте Кэмбридж бағдарламасы негізінде І деңгейді бітірген 1 мұғалім, ІІ деңгейді бітірген 2 мұғалім және ІІІ деңгейді бітірген 12 мұғалім бар. "Тәжірибедегі рефлексия"  бағдарламасы бойынша мектеп тренері курсын аяқтаған 3 мұғалім бар. 2017-2018 оқу жылында "Тәжірибедегі рефлексия"  бағдарламасы 100 сабақ бойынша мектеп тренерлерінен оқыған 25 мұғалім сертификатталды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі орта білім беру саласындағы үш тілде оқу бағдарламаларын енгізу бойынша бес айлық курстан өткен А1А2, В1,В2,С1,С2 деңгейлерін меңгерген үш мұғалім бар. Информатика пәні мұғалімі Қ.Толеубай, биология


 пәні мұғалімдері А.Арысбаева, Ж.Култанова.    


Озық іс-тәжірибені тарату бойынша баспа материалдарын Республикалық ғылыми-әдістемелік Ізденіс журналына қазақ тлі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А.Жумахметова, С.Қожахмет, Г.Мырзабекова, Г.Божибаева, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ж.Сатаева, Б.Майтыбаева, математика пәні мұғалімдері М.Нарымбаева, физика пәні мұғалімі М.Мистемирова, информатика пәні мұғалімі Д.Токтагулова, технология пәні мұғалімдері Б.Анапиянов, А.Байболатов, Д.Уразалиева, бейнелеу өнері, сызу пәні мұғалімдері Б.Домай, Г.Туганбаева, тарих пәні мұғалімі Н.Хавдал, география пәні мұғалімі Ж.Жалмурзанова,  химия пәні мұғалімі  К.Базарбаева, бастауыш сынып мұғалімідері К.Чинарбаева, А.Умарова, Ж.Ахметовалардың ашық сабақтары мен мақалалары басылып шығарылды.


 
 
Жас маман бағыты бойынша да жұмыстар өз деңгейінде ұйымдастырылады. Мектепте  "Жас мамандар мектебі" мектеп директорының бұйрығы негізінде құрылып, жас мамандар мектебінің жетекшісі ағылшын тілі пәні мұғалімі Е.Галиева болып тағайындалды. Мектекпте  14 жас маман мұғалімдер бар. Олардың 3-і мектепке жаңа келген ұстаздар қатарынан. Әрбір жас маманның тәлімгерлері бектіліп, жұмыс жоспарлары жолға қойылған. Жас мамандардың педагог қызметкер ретінде қалыптасуына ықпал ету, кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында жоспар негізінде мектеп директорының  оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Танкибаева және жетекші Е.Галиева тарапынан әдістемелік іс-шараларды ұйымдастырылып тұрады. Тәлімгерлер жас мамандардың сабақтарына қатысып, олардың оқу үдерісінде жаңа инновациялық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді өз сабақтарында тиімді қолдануына үлестерін қосуда. Оларға арналған менторлық жұмыстар, коучингтер,  оқыту семинарлары мен дөңгелек үстелдер жоспарланған. 
 
Мұғалімдердің марапаттары: 
Тамыз кеңесі пән секцияларында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Ахмеджанова шебер сынып көрсету арқылы іс- тәжірибелерін таратып, аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасына» ие болды. Аудандық сырттай ұйымдастырылған "Үздік тарих пәні мұғалімі" байқауында тарих пәні мұғалімі М.Рахимжанова қатысып жүлделі І орынды иеленді.
 
 
Оқушылардың марапаттары:
Аудандық Кіші ғылыми Академиялық ғылымижұмысына мектептің 11 а сынып  оқушысы Н.Игібайқызы қатысып (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Кегенбекова) облыстық кезеңге жолдама алды. Аудандық "Дарын" ғылыми жұмысына 11 а сынып оқушысы А.Бажкенова қатысып, номинациямен марапатталды.

Біліктілік санаты бойынша: мектепте  122 мұғалім бар. Олардың 20-сы декреттік демалсыта. Жоғарғы санатты - 24 мұғалім, бірінші санатты - 36, екінші санатты - 32, санаты жоқ мұғалімдер - 30. 2017-2018 оқу жылы қорытындысы бойынша бастауыш сынып мұғалімі С.Литвиненкоға педагог-зерттеуші, бастауыш сынып мұғалімі Г.Тлеужанқызына - педагог- сарапшы,  ағылшын тілі пәні мұғалімі К.Медешқызына  педагог-модератор біліктілік санаты бекітілді. 2018-2019 оқу жылы бойынша жаңа форматтағы аттестациядан өту үшін мектептен 17 педагог өтініш өткізді.Олардың 3-і мерзім бойынша олса, 14 -і мерзімінен бқрын өтініш берген пән мұғалімдері.
 
 
 
 
 
 
 

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив