Мектеп тарихы » Жетісу обылысы Кербұлақ ауданы "Д.Қонаев атындағы орта мектебі" КММ
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі
"Қонаев орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840)40-0-65
Есепші бөлімі:
+7(72840)40-0-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
май
2017

Мектеп тарихы

Д.Қонаев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы сипаттамасы

 

«Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады.»

Н.Ә.Назарбаев


 

Президент Н.Ә. Назарбаевтың елдің 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму басымдықтарын айқындаған Қазақстан халқына Жолдауында алдағы ғасырдың экономикалық және әлеуметтік дамуының жетекші факторы «Адамдардың өздері, олардың еркі, күш-қайраты, табандылығы мен білімі болып табылады, ал ХХІ ғасырдағы қоғам дамуының негізгі қағидаты, бірінші кезекте, білім деңгейімен айқындалатын ұлттың бәсекеге қабілеттілігі болады», - деп атап өткен. Елдегі мемлекеттік білім беру саясатының басым бағыттарының бірі мемлекетті басқаруда, экономикада, ғылым мен мәдениетте негізгі орындарда болуға қабілетті, мемлекеттің негізгі интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетінің қадір-қасиеті бола алатын балалар мен жастарды қолдау мен дамытуға көзделген инновациялық-бейімдік, құзыретті және кәсіби-бағдарлы білім беру жүйесін құру болып табылады.

 

Д.Қонаев атындағы орта мектеп Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Маметова көшесінде орналасқан үш қабатты білім ордасы.

Мектеп тарихынан:

 

1952 жылы Сарыөзек кентіндегі Рысқұлов (бұрынғы орталық) көшесінде бірқабатты мектеп кеңсесі пайдалануға беріліп, ол № 79 жеті жылдық орыс мектебі болып ашылды.

1963 жылы мектеп № 271 орта мектеп болып аталып, жаңа салынған екіқабатты мектеп ғимаратына көшірілді.

1963 жылы мектепке кеңестер одағының батыры Олег Кошевойдың есімі берілді.

1966 жылы мектеп 10 және 11 сынып оқушыларын, өзінің алғашқы 124 түлектерін мектептен үлкен өмірге шығарып салды.

1981 жылы қазіргі мектептің үшқабатты типті кеңсесі пайдалануға берілді.

1994 жылы мектепте қазақ – орыс тілінде оқытатын аралас мектептің статусы берілді.

1994 жылы 1 қыркүйекте мектепке қоғам қайраткері Д. А. Қонаевтың есімі берілді.

Мектепті басқарған тұлғалар:

1961-1968 жж. Керимбаев Ильяс Керимбаевич – «КСРО білім беруісінің үздігі» төс белгісінің иегері

1968-1978 жж. Межинский Семен Павлович – «ҚССР білім беру ісінің үздігі» төс белгісінің иегері

1978-1985 жж. Гайсин Радик Кабдрахманович

1985-2013 жж. Меренбаева Куляш Илибаевна – «ҚССР білім беру ісінің үздігі», «Ы. Алтынсарин атындағы медалінің» иегері

2013-2014 жж Асантаева Фарида Кожамсеитовна – «ҚР білім беру ісінің үздігі» белгісінің, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалінің, «Кербұлақ ауданының құрметті азаматы атағының иегері

2014 жылдан Айнабеков Марат Нурмуханович – «ҚР білім беру ісінің үздігі» төс белгісінің иегері.

Мектеп туралы мәліметтер:

Ғимарат 1982 жылы кірпіштен салынған.

Күрделі жөндеу жұмысы: 2012 жылы

Жалпы алаңы: 4316 м2

Кабинеттер саны: 30

Жылу жүйесі: дербес.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу куәлігі: № 138-1907-17-ММ, 2 маусым 2014ж.

Мемлекеттік лицензия: №14015670, 17 оқтября 2014 жылдан

 

 

Осы талапқа сай, Д.Қонаев атындағы орта мектептің ұжымы нәтижелі жұмыс атқаруда.

 

Ел экономикасы жыл өткен сайын ғарыштап дамуда. Орта мектептің материалдық-техникалық базасы да нығайды, оқу-құралдары жеткілікті, жыл сайын мектеп кітапханасы жаңа әдебиеттермен толығуда.

 

Оқушы біліктілігін арттыруға, әлгіндей қосымша құралдардың көмегі өте зор болмақ. Зерделі ұстаздардың ендігі міндеті, еліміздің ертеңі - шәкірттерімізге дүниежүзілік стандарт шеңберіне сай терең білімді беру болмақ.

 

Шәкірттер тәрбиелеуде, мектептің тарихында өзіндік із қалдырған ұстаздар аз емес. Ұстаздар ұлағатты туралы сөз қозғағанда, осынау жандар туралы айтпау еш мүмкін емес.

 

Десек те, жасөспірімдерді білім нәрімен сусындатудан еш жалықпай, заман ағымына сай уақыт көшінен қалмауға, әр жылдары еңбек еткен ардақты ұстаздар: Бимухамбетова Р., Кегенбекова Ж., Қожахмет С., Байғали Ө.,Тажибаева Ш., Тастанбекова А., Сапенова С., Кутнякова И., Сатаева Ж., Бүркітбаев Ж.

Мектепте оқушыларға саналы тәрбие беру ісі де жолға қойылған әсіресе, халық педагогикасы тұрғысында тәрбиелеу ісінің майталмандары болып табылатын бастауыш сынып мұғалімдері Рахымжанова Р., Литвиненко С., Ауельбаева Ш., Рахимова Р., Баймуханбетова А., Қурамбекова Г. жас бұлдіршіндерді тәрбиелеуде еңбегі зор.

 

 

Иә, тәуелсіз қазақ елі жастарының өркениетті елдер достарымен үзеңгі тірек алатындай білімді болуларына біздер, ұстаздар қауымы зор жауапкершілік тұрғысынан қараймыз және олай етуге ұрпақ алдында міндеттіміз.

 

Егемен еліміздің тірегі- білімді ұрпақ. Қазіргі кезде осыған байланысты заман талабына сәйкес оқыту мен тәрбие үрдісінде де елеулі өзгерістер еңгізілуде.

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив